Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ қайта қонды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы әуежайында қозғалтқышы істен шыққан ұшақ қондырылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ қайта қонды

«Eastwing» авиакомпаниясының EWZ1149 санитарлық рейсі Алматы-Семей әуе жолында сол қозғалтқыштың істен шығуы мен ұшу әуеайлағына оралу туралы баяндады. Ұшақ 11:17-де Алматы әуежайына қондырылды», деп хабарлады министрлік.

Ұшақ бортында бес экипаж мүшесі мен екі дәрігер болғандығы айтылды.