Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Қызылордада жұмысшылар наразылыққа шықты

703 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Арал қаласының шетіндегі «Аралтұз» Акционерлік қоғамына қарасты тұз зауытының мыңнан аса жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада жұмысшылар наразылыққа шықты

Бұл туралы centralasian.org ақпараттық порталы мәлімдеді.

Йодталған ас тұзын өндіретін кәсіпорын алдына 1 қыркүйектен бастап жиналған жұмысшылар жалақыны көбейтуді сұрайды. Олар «Аралтұз» Акционерлік қоғамы 2014 жылдан бері жұмысшылар жалақысын көбейтпегенін, қазіргі жалақылары 48 мың теңге екенін айтады. Арал өңірінің экологиялық апат аймағы болып саналуына байланысты жалақыларына 50 пайыз коэффициент қосылады.

«Бейбіт талап қойып тұрмыз. Жалақымызды 100 мың теңгеге жеткізсін», дейді жұмысшы Ақылжан Қиылбаев.

Тұз зауыты жұмысшыларының бірі Бауыржан Сәрсенбековтің сөзінше, жалақыны көбейту жөнінде зауыт басшылығына бір ай бұрын жазбаша да талап қойылған.

Жұмысшылардың алдын ала ескерткенін «Аралтұз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлеген Жайназаров та растады.

«Жұмысшылармен бірге басшылыққа бардық. Олар нақты жауап бергісі келмеді», дейді ол.

«Аралтұз» Акционерлік қоғамы тұз өндіру және қайта өңдеу саласындағы ірі кәсіпорын. Компания мәліметтеріне қарағанда, жылына 450 мың тоннаға жуық тұз өндіріп, оның 75 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украинаға экспорттайды. 1200-ден аса қызметкері бар.

Компания сайтындағы мәліметтерде «2021 жылдың 1 наурызынан бастап зауыт жұмысшыларының жалақасы орта есеппен 10 пайызға көбейеді» деп көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025