Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2021

Шетелдік студенттерге қандай талап қойылады?

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдік студенттерге Қазақстан аумағына вакцинация паспорты мен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бойынша кіруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік студенттерге қандай талап қойылады?

Бұл ереже Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 3 қыркүйектегі жаңа Қаулысында бекітілген.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағына кіру үшін шетелдік студенттерден келесілер талап етіледі:

  • Венгрияның, Таиландтың, Моңғолияның, Грузияның, Қырғызстанның және Молдованың уәкілетті органы берген паспортымен/сертификатымен/вакцинация анықтамасымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау:
  • Алынған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі.

«Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттердің 14 күндік карантинде оқшауланған уақытта тұрақты тұратын жерлеріне немесе басқа жерлерге баруына жол берілмейді», делінген құжатта.