Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Палата қарауына Қылмыстық кодекстің жобасы ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымға шығарылады. Салалық комитет бюроға баяндау барысында Қылмыстық кодекс жобасының жаңа редакциясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы тапсырмасына орай, 2010-2020 жылдарға арналған Саяси-құқықтық тұжырымдамасының ережелері мен мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыру қажеттігін ескере отырып жасалғанын атап өтті.
Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы да қосылды.
Осылармен қатар, палатаға ратификацияланатын екі заң жобасына: «Жалақыны қорғау туралы (95-конвенция) және ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы» (26-конвенция) қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылды.