25 Қаңтар, 2014

Мақсат айқын, міндет белгілі

276 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтті. «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасы Иман­­ғали Тасмағамбетовтің төр­ағалы­­ғымен өткен отырыста Саяси кеңес­­тің алдағы уақыттағы мін­дет­тері айқындалып, жан-жақты талқы­ланды.

Кеше Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтті. «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасы Иман­­ғали Тасмағамбетовтің төр­ағалы­­ғымен өткен отырыста Саяси кеңес­­тің алдағы уақыттағы мін­дет­тері айқындалып, жан-жақты талқы­ланды.

Жиында сөз алған Астана қа­ла­сының әкімі Елбасының биылғы Жолдауының стратегиялық маңызы зор екенін айта келе, оның негізінде дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті тұрғандығын атап өтті. «Бұл Жолдаудың бір жаңашылдығы – онда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы көрініс тапқан. Осы орайда, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының алдында Президенттің Жолдауында айқындалған міндет­терді жүзеге асыру мәселесі тұр», деді И.Тасмағамбетов.

Бұдан кейінгі кезекте ол сөз кезегін Парламент Сенатының депутаты Владимир Редкокашинге берді. Сенат депутаты, «Елбасы Н.На­зар­баевтың Жолдауын жүзеге асы­ру­дағы «Нұр Отан» партиясы Ас­тана қалалық филиалы Саяси кеңе­сінің міндеттері туралы» тақы­рыбы бойынша баяндама жасай келе, Жолдаудың мән-маңызына тоқталды. «Бұл Жолдаудың тарихи, елді дамытудағы стратегиялық маңызы орасан. Себебі, стратегиялық құжатта мемлекетті алға жылжытатын тетіктер нақты көрсетілген», деді В. Редкокашин. Сенат депутаты, әсіресе, Жолдауда айтылған бі­лім және ғылым, денсаулық сақ­тау жүйесін дамыту, мемлекетті әлеу­меттік жағынан жаңғырту мәсе­ле­ле­ріне айрықша тоқтала келе, бұл салалардың елдің алға жылжуына айтарлықтай дәрежеде ықпал ете­тінін тілге тиек етті. Ал еліміздегі Әзер­байжан мәдени орталықтары ода­ғының төрағасы Видади Са­лахов Жолдаудағы «Мәң­гілік Ел» идеясының маңызына мән бере отырып, «мемлекет алдындағы тұрған стратегиялық міндеттерді жү­зеге асыруда қоғамдағы тұрақтылық, бірлік пен келісім айтарлықтай рөл атқарады» деген пікірін білдірді.

Отырыс аясында Назарбаев Уни­верситетінің еншілес ұйы­мы – «University Service Manage­ment» стратегиялық даму және үй­лес­­тіру басқармасының басшысы, «Қолқанат» бастауыш партия ұйы­мының төрайымы Әлия Ра­қы­шева да сөз алды. Ол Елбасы Жол­дауында көтерілген елдің білім және ғылым жүйесін сапалық деңгейге көтеру мәселесі жөнінде өз ой-пайымымен бөлісті. «Мемлекет басшысы ел назарына ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясы халықтың еңсесін көтеріп, қадамын нықтайтын, келешекке жол сілтейтін темірқазыққа айналуы тиіс. Жолдауда Елбасы назар аударған басым бағыттардың бірі – ғылым саласы. Заман ағымына сай, ел экономикасы ғылымға негізделген өндірісті қажет ететініне көзіміз жетіп отыр. Егер, әлемдік тәжірибеге зер салатын болсақ, дамыған елдер өздерінің ішкі жалпы өнімінің 3-5 пайызын ғылымға бөліп келеді. Демек, Жолдауда айтылғандай, еліміз өзінің ішкі жалпы өнімінің 3 пайызын ғылымды өркендетуге жұмсауы керек», деді Ә. Рақышева.

Отырыс соңында Астана қала­­сының әкімі Иманғали Тасма­ғам­бетов «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы Жолдауды ха­лыққа түсіндіру бойынша ақпа­рат­тық-насихаттық топтарының, ұйымдастырушылық, идеологиялық және бақылау іс-шараларының жос­парын дайындауға айрықша мән беру қажеттігін атап өтті.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30