Оқиға • 05 Қыркүйек, 2021

Алматы облысында мейрамхана өртеніп кетті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында мейрамхана өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында мейрамхана өртеніп кетті

Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауыл кентіндегі мейрамхананың өртеніп жатқаны жайлы 5 қыркүйек сағат 17:26-да төтенше жағдай қызметкерлеріне  хабар жеткен.

 

«Мейрамханадан шыққан өрт сағат 18:13-де сөндірілді. Ғимараттың 500 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», делінген хабарламада.