Оқиға • 03 Ақпан, 2026

Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы фосфор зауытында технологиялық жұмыс кезінде пештен ыстық шоқ атқылап 3 жұмысшыны күйік шалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды

фото: ktk.kz

Қайғылы жағдай Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған. Технологиялық жұмыстар кезінде пештен ыстық шоқ атқылап, үш бірдей жұмысшыны күйік шалған. Зардап шеккендердің екеуі сары фосфор өндірісінің операторы болса, бірі жөндеуші. 31 жастағы жұмысшы денесінің 45 пайызын термохимиялық күйік шалып, тыныс алу жолдары зақымданған күйде жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады.

Ал тағы екі қызметкер қалалық аурухананың күйік бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайға байланысты тексеру жұмыстары басталып кетті.

Ақмола облысында өндірісте жарақат алған жұмысшыға 3 млн теңге өтемақы өндірілді

Жамбыл облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Бекжан Әбдінің айтуынша, үш адам зардап шегуіне байланысты департамент тарапынан бұйрықпен комиссия мүшелері құрылды.

Айта кетейік, Қарағанды қаласында «СКА-Приозерск» әуесқой командасының хоккейшісі ойын үстінде өзін нашар сезініп, қайтыс болды. 

Соңғы жаңалықтар