Фантастикалық сюжеттері бар ауқымды кенептер – Юлия Вирконың негізгі қолтаңбасы. Эксперимент ретінде ұйымдастырылып отырған көрмеде автордың картиналары ғана емес, сондай-ақ олардың салыну үдерісі де көрсетілмек.
Экспозиция кішігірім лабиринт секілді: оның сыртқы бөлігі «нәтиже», ал ішкі аумағы «үдеріс» деп аталады. Бірінші бөлімінде Вирконың кескіндемелік жұмыстары ұсынылған. «Санаң шекараны білмейді» жобасы топтама түстер мен бейсаналыққа арналса, «Уәделі сағым» топтамасын құрайтын жаңа жұмыстары сюжетті әңгімелеудің тұтастығымен және құндылығымен ерекшеленеді.
WORK IN PROGRESS экспозициясының екінші бөлімі – «Үдеріс» – бұл көрме залының дәл ортасында тосыннан берілген «суретші шеберханасы». Жеке кескіндемелік жұмыстар, эскиздер, нобайлар, скетчбуктардың ішкі жағы, эксперименттік және аяқталмаған жұмыстар, тіпті жұмыс киімі – барлығы да инсталляцияның көрінісіне айналады.
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде кеше ресейлік жас суретші Юлия Вирконың Work in progress көрмесі ашылды. Автор суреттері мен кескіндемесі музей коллекциясындағы жұмыстармен біріктірілген жоба бір айға созылады. Көрмені Grabar Gallery – Наталия Грабарьдің галереясы ұйымдастырып отыр.
Маңғыстау облысында жетім балалардың құқығын бұзған шенеунік сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Тұлға • Бүгін, 15:12
Алматы облысында монша өртенді
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Қылмыс • Бүгін, 14:12
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды
Шымкент • Бүгін, 12:55