Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2021

Қазақстанға келген шетелдіктерден КВИ анықталған жоқ

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 5 қыркүйекте Қазақстан аумағына Германия, Дания, Тәжікістаннан, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Нидерланды, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келген, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанға келген шетелдіктерден КВИ анықталған жоқ

Өткен тәулікте 5 641 авиажолаушы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 266 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 400 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 203 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 28 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 240 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 101 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 403 жолаушы келді.

«Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген», деп жазылған хабарламада.