Тағайындау • 06 Қыркүйек, 2021

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстанның ерлер мен әйелдер ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерлері тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Қазақстандық бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

Ерлер құрамасын Қайрат Сәтжанов басқарады. 

Сәтжановтың жаттықтырушылық өтілі - 31 жыл. 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның боксшылары екі рет «Азия балалары» халықаралық ойындарының медальдық кестесін жеңіп алды, екі рет әлем чемпионаттарының үздік үштігіне кірді, сонымен қатар Азия чемпионатында екі рет жеңіске жетті.

2019 жылы Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионатында екі рет командалық есепте жеңіске жетті және әлем чемпионатында екінші орынға ие болды.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі де белгілі болды. Шамиль Сафиуллин өз өтініші бойынша кеткен Ерік Алғабектің орнына тағайындалды.