25 Қаңтар, 2014

Қала тазалығына қатысты шара

441 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада экологиялық полиция, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің өкілдерінен құрылған комиссия Алматы ауданы аумағындағы кәсіпорындардың тазалық мәселесіне байланысты арнайы рейд өткізді. Шара барысында кәсіпорындарда абаттандыру ережелері, санитарлық жағдайы, қоқыс жинауды ұйымдастыру және қала аумағында тазалықты қамтамасыз етуі тексерілді.

Астанада экологиялық полиция, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің өкілдерінен құрылған комиссия Алматы ауданы аумағындағы кәсіпорындардың тазалық мәселесіне байланысты арнайы рейд өткізді. Шара барысында кәсіпорындарда абаттандыру ережелері, санитарлық жағдайы, қоқыс жинауды ұйымдастыру және қала аумағында тазалықты қамтамасыз етуі тексерілді.

«Экологиялық полициямен бірлескен тексеру барысында заңды тұлғалармен коммуналдық қалдықтар мен күл-қоқысты шығару туралы келісімдер жасау мәселесі қаралды. Келісім бол­­­­маған жағдайда аталған тұлға­­­лар­ға қатысты әкімшілік шара­­лар қолданылады», деді қала­лық Табиғи ресурстар және таби­­ғатты пайдалануды реттеу басқар­­­масы­ның қалдықтарды басқару бөлім­і­нің бас маманы Шыңғыс Кәрімов.

Шара барысында қатты тұр­мыс­­­­тық қалдықтар мен күл-қоқыс­­тарды шығаруға келісім жаса­судан бас тартып отырған 10 жеке кәсіпкерлік нысан тексерілді. Атап айтқанда, олардың қатарында дүкендер, ТҚС, дәмханалар, көлік жуу орындары мен моншалар бар.

«Біздің ұйым Жұмабаев кө­шесі, Б.Момышұлы және Абы­лай ­хан даңғылдарының бойын­да қатты тұрмыстық қалдық­тар­ды шығарумен айналыса­ды. Қазіргі кезде жеке және заң­ды тұлғалармен келісімдер жа­сасу мәселесіне мәжбүр болып отырмыз. Өз кезегінде, біз қал­дықтарды өндіріске жіберіп, техниканы жаңартуға тырысамыз. Бірақ борышкерлеріміз де бар. Басқа коммуналдық кәсіпорындар секілді суды, электр қуатын өшіріп тастай алмаймыз. Қоқыс шығаруды да тоқтатып қоюға болмайды. Бұл қаланың экологиялық жағдайына зиян келтіреді. Сондықтан ескерту шаралары ғана қолданылады», деді «Таза Әлем-Астана» ЖШС директорының орынбасары Дуслан Ахметов осы шараға байланысты өткен сапарда.

Табиғи ресурстар және таби­ғатты пайдалануды реттеу басқар­масының хабарлауынша, кәсіпорындар мен мекемелер (меншік формасына және қыз­мет түрлеріне қарамастан), сондай-ақ, қала аумағында жұмыс істей­тін жеке тұлғалар мердігерлік қоқыс шығару кәсіпорындарымен ком­муналдық қалдықтарды шығаруға келісімдер жасасуы тиіс. Ірі көлем­дегі қоқыстарды олар өздері шы­ғарады немесе тиісті келісімнің не­гізінде қоқыс шығаратын кәсіп­орындарға тапсыруы қажет.

Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10