Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2021

Жамбыл облысында 12 жылқыны қағып өлтірді

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс-Европа-Батыс-Қытай тас жолының 341 шақырымында қатты жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші алдынан кенеттен шыққан бір топ жылқыны қағып кеткен. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлімдеді, де хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 12 жылқыны қағып өлтірді

«5 қыркүйек күні сағат 20:50 шамасында Тараз қаласының 59 жастағы тұрғыны өзінің «Mercedes benz» автокөлігімен Тараз бағытына қарай бара жатып, жол үстінде жүрген бір топ жылқыны қағып кеткен, нәтежиесінде көлік жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Меркі аудандық ауруханасына қаралған. Анықталғандай, Меркі ауылының 35 жастағы тұрғыны кешкі мезгілде жылқысын арнайы өткелден өткізбей, жол үстімен айдап өтпекші болған.

Жол апаты салдарынан сол жерден 12 бас өлген жылқы табылды. Қазіргі таңда жылқышыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалуда», деп нақтылады баспасөз қызметі.