27 Қаңтар, 2014

Алматыдағы оқу орны жабылып қалды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 01-AlmatiАлматы қаласында Есеп-несие техникумы негізінде құрылған Банк ісі академиясы жабылып қалды. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.

Аталған оқу орнының жабылуына банкрот негіз болған көрінеді. Басшылық тарапынан студенттерге 3 күн ішінде құжаттарыңды алып кетіңдер деген ескерту жасалыпты. Қазір 300-ге тарта студент сенделіп, қайда барарын білмей жүр. Білім ордасында қызмет еткен ұстаздар да бір күннің ішінде жұмыссыз қалған. «Оқуды бітіруге 3-4 ай қалған 3 курс студенттеріне қиын болды. Оларды басқа оқу орындарына орналастыру мәселесі де әлі шешімін тапқан жоқ», - дейді Банк ісі академиясының проректоры Марат Қалимолдин.

Бұл мәселеден қалалық білім департаменті де хабардар екен. Осындағы кәсіптік білім бөлімінің басшысы Ләззат Шалқабаеваның айтуынша, оқу орны жабылып қалған студенттердің барлығы өзге білім ордасына ауыстырылатын болады. Бірақ, ата-аналар бұл істің ойдағыдай шешілетініне күмәнмен қарап отыр. Өйткені, оларға өзге оқу орындарына ақы төлеу міндеті жүктелуі ықтимал.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «31 арна».

Фото: «31 арна».

 
Соңғы жаңалықтар