Парламент • 07 Қыркүйек, 2021

Мәжіліске жаңа депутат тағайындалды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы «Ақ жол» демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының босатылған мандатын 27 жастағы кәсіпкер Ғани Хамзинге беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліске жаңа депутат тағайындалды

Бұл ротация бұрын өз өтінішімен орнын босатқан депутат Азат Сембиновтың орнына жүргізілді.

Ғани Хамзин 1994 жылы дүниеге келген, Мәскеу болат және қорытпалар институтының (МИСиС) түлегі, инженер-металлург. Еңбек жолын Павлодар облысындағы тау-кен металлургия кәсіпорнында технолог болып бастады.

Содан кейін жеке бизнеске ауысып, инжиниринг, техникалық қадағалау және жобаларды басқару саласында жұмыс істейтін «Стройинтеграция» ЖШС басқаруда. Компания Қазақстанның бірнеше облыстарында нысандарды сәтті дамытып, іске асыруда.

Ғани Хамзин «Ақ жол» демократиялық партиясы Жастар қанатының белсенді қатысушысы.

Бұл шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өтуі керек.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30