27 Қаңтар, 2014

Таразда «жедел жәрдем» мен тепловоз соғысты

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-01-14-taraz-1Тараз қаласындағы теміржол өткелінде «жедел жәрдем» мен тепловоз соқтығысты. Нәтижесінде үш адам зардап шекті. Бұл туралы Ras. kz хабарлады.

«Тараздағы теміржол өткелі үстінде «жедел жәрдем» машинасы мен тепловоз соғысып қалып, үш адам зардап шекті», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің дүйсенбі күнгі хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні түнде болған.

«Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде «жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы: 23 жасар фельдшер мен 29 жастағы әйел әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», – деп атап өтілген хабарламада.

Аталмыш оқиға пойыздар қозғалысына кедергі келтірген жоқ.

Хамит Мұстафа.

Дереккөз: Ras.kz.

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар