27 Қаңтар, 2014

Еліміз шекарашылары күдіктіден героин тәркіледі

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27 01 - Pogran pusk «Сыпатай батыр авто» шекаралық бақылау жасағының «Мерке» жеке бақылау пунктінің шекара наряды Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп,  еліміз аумағынан 2 килодан астам героин алып өтпекші болған Қырғызстан азаматын ұстады.  Бұл туралы  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Ол паспорттық бақылаудан өту кезінде 4 бумаға мұқият оралған 2 кило, 300 грамм героинді алып келе жатқаны анықталды.

***

Сондай-ақ өткен апта соңында «Қордай» шекара заставасында орналасқан еліміз шекарашылары 2 тонна құс етін заңсыз алып өтпекші болған 3 адамды қолға түсірді. Олардың алып келе жатқан құс еті Қырғызстаннан тиелгені мәлім болды. Қазір осы ұсталған азаматтарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әбдірахман Қыдырбек. Дереккөз: ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі Фото: Interfax.by
Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10