28 Қаңтар, 2014

Сенаттың жұмыс бағыттары бекітілді

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюро Қазақстан Президенті­нің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын іске асыру жөніндегі Сенаттың Іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарда Мемлекет бас­шысының Жолдауын заңна­ма­лық тұрғыда қамтамасыз ету, сондай-ақ, осы құжаттың негізгі ере­желерін түсіндіру мен наси­хаттау жөніндегі шаралар қа­растырылған.

Атап айтқанда, «жасыл экономиканы» дамыту тақырыбы жөніндегі парламенттік тыңдау және ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлік, мәдениетті дамыту мен әкімшілік заңнаманы реформалау, комитеттердің көшпелі отырыстары мен мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер өткізу жоспарланған. Жоспарда, сондай-ақ Жолдауда мазмұндалған сыртқы саяси міндеттерді шешуге бағытталған шаралар да көзделген.

Осыған байланысты Бюро мүшелері депутаттардың республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалары мен сұхбаттарын жариялауды қарастыратын Сенаттың медиа-жоспарын қарады.

Бюрода Сенаттың тұрақты комитеттеріне Мәжіліс мақұлда­ған заң жобалары бөлініп берілді.

Бюро мүшелері келесі кезекте Сенаттың 30 қаңтарда болатын отырысының күн тәртібін де қарады.

Бюро отырысында «Өңір» депутаттық тобының қызметі де қаралды. Депутаттық топ ұсынымдар әзірлеу, заңнамаға мониторинг енгізу мен оны жетілдірту, сондай-ақ, мәслихат депутаттарымен өзара іс-қимылы арқылы аймақтарды тиімді дамытуға жәрдемдесу міндетін алға қойып отыр. «Өңір» тобы шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау жөніндегі дөңгелек үстел, ғылыми негізделген экономиканы қалыптастыруға арналған және агроөнеркәсіп кешеніне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері бойынша отырыстар өткізуді жоспарлады.

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10