Технология • 08 Қыркүйек, 2021

Apple жаңа өнімдерін таныстырады

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple компаниясы жаңа өнімдерінің тұсаукесер күнін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Apple жаңа өнімдерін таныстырады

Apple сайтында хабарланғандай, компания 14 қыркүйек күні iPhone-ның соңғы шығарылымын, сондай-ақ жаңартылған iPad, MacBook Pro ноутбуктері мен Apple Watch сағатын және AirPods құлаққаптарын таныстырады.

Презентациясы Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де apple.com сайтында немесе Apple TV қосымшасында өтеді.