Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021

Алматыда ашулы әйел қасақана көлік астына түсті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда күйеуімен ұрысып қалған әйел қасақана көлік астына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ашулы әйел қасақана көлік астына түсті

Фото: Sputnik.kz

Оқыс оқиғаға тап болған отбасы Рысқұлов даңғылының бойында аялдамада тұрған. Ерлі-зайыпты сол жерде екі кішкентай қыздарының көзінше сөзге келіп қалады. Ашулы әйел сол сәтте жолға жүгіріп шығып, балаларының көзінше зымыраған көліктің астына түскен. Кенет жолға жүгіріп шыққан келіншекті Toyota Camry көлігі қағып кетті.

Аталған жағдайды қалалық Полиция департаменті растады. Оқиға түнде болған.
 
«8 қыркүйекте, түнгі уақытта Toyota Camry көлігіндегі Ж есімді азамат Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші кенеттен жолға шығып кеткен. Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған жаяу жүргінші 4 -ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізуде. Жағдайлар анықталуда», деп хабарлады Алматы қаласы ДП тергеу бөлімі.

Оқиға орнына барған жедел жәрдем көлігі апатқа түскен әйелді дереу ауруханаға алып кетті. Келіншек ауыр дене жарақаттарын алған. Алматы полициясы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастап, қажетті сараптамалар тағайындалған.