Медицина • 08 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2021 жылғы 27 тамыздағы бұйрығымен дәрілік заттың саудалық атауына арналған өндірушінің шекті бағасы, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді

Мәселен, көтерме сауда үшін анальгин құны өндірушіге байланысты қаптама үшін 55,26 теңгеден 550,44 теңгеге дейін, бөлшек сауда үшін - 85,65 - 798,14 теңге болып бекітілді.

Ангисепт бағасы көтерме сауда үшін 62,92 - 85,91 теңгені және бөлшек саудада 97,53 - 113,16 теңгені құрайды. Антигриппин қазақстандықтарға өндірушіге байланысты - 388,23 - 784,74 теңге тұрады. Баралгин бағасы белгіленген 1 885,60 - 2 084,30 теңге. Валидол - 170,87 теңге.

Диклофенактың құны 520 теңгеден (таблеткалар) 2 779 теңгеге дейін (көз тамшылары) анықталды. Ибупрофен өндірушіге байланысты 187 теңгеден 2 329 теңгеге дейін болады.

Кардиомагнил бағасы мына шекте бекітілген - 483,55 - 2 397 теңге (өндіруші мен дозасына байланысты), Парацетамол 30-дан 420,48 теңгеге дейін (суспензия).

Тізімде барлығы 7023 препарат бар.

Бұйрық 2021 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.