Ауа райы • 08 Қыркүйек, 2021

Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

773 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптикалық болжамға сәйкес, жақын күндері өрт қаупі өте жоғары елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ыстықтың беті қайтып, өрт қаупі төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Қыркүйек айына арналған консультативтік ұзақ мерзімді ауа райы болжамын ескере отырып, елдің оңтүстік бөлігінде екінші және үшінші онкүндікте де ауа температурасы климаттық нормадан 10-ға жоғары болып, жауын-шашын мөлшері көп жылдық мәннен аз болатын көбінде құрғақ ауа райы болжанады. Осыған байланысты Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жағдайының жоғары және өте жоғары санаты күтіледі.

«Республика аумағының басқа жақтарында Атлант және Солтүстік циклондар жиілеп, ауа райы құбылмалы болады. Екпінді жел соғып, температура өзгеріп, климаттық нормаға жақын жауын-шашын жауады», делінген синоптиктердің хабарламасында.