Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021

Түркістанда балалар арасында тұмау өршіп тұр

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жедел респираторлы вирустық инфекцияға шалдыққан балалардың саны көбейді. Биылғы жылдың 8 айында 7 мыңға жуық бала осы вирусты жұқтырып, өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық 43%-ке артқан, деп жазады Egemen.kz.

Түркістанда балалар арасында тұмау өршіп тұр

Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы жағдай күрделене түскен. Эпидемиолог мамандар жедел респираторлы вирустық инфекция мен коронавирус инфекциясының симптомдары өте ұқсас келетінін айтады. Сондықтан мамандар күз мезгілінде вирусты инфекциялардың өршитін кезеңі болатындықтан алдын ала міндетті түрде профилактикалық екпе алу қажеттігін ескертеді.

«Қазан айынан бастап халықтың 15 пайызына тегін гриппке қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Қазір облыста Ресейде өндірілген Грипадол вакцинасының 300 мыңнан астам дозасы бар. Алайда ата-аналардың бәрі мұқият болуы керек. Егер бала суықтаған жағдайда үйде өз еркімен емдемей міндетті түрде дәрігерге қаралып, балалар дәрігерінің ем-домын қабылдауы тиіс», деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.