Экология • 08 Қыркүйек, 2021

Кіші Талдыкөл шағын бассейнге айналады

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Байтақ болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.

Кіші Талдыкөл шағын бассейнге айналады

«Кішкентай ғана көлшікті Кіші Талдыкөл деп айтуға болмайды. Кіші Талдыкөл үлкен жүйе болған. Кіші Талдыкөлге Целиноград кезінде кәріз қалдықтары төгілген. Біз эколог ретінде білеміз, қаланың ішінде жағымсыз иіс шығатын, былғанған көлшік болмауы керек», деді Азаматхан Әміртай.

Ол атап өткендей, БҰҰ-ның экостандартында да солай көрсетілген.

«Бұл жағдайда әкімдік мердігермен келісіп, көлшікті түгел кептірмей, оның орнына бассейн салу туралы келісті. Ол 20 гектар алаңды алады. Ол жерде саябақ салынып, абаттандырылады. Бұл экологтар үшін кішкентай болса да жеңіс. Айналасын жақсартып, суын тазартса, табиғат үшін жақсы дүние деп ойлаймыз», деді эколог.

Соңғы жаңалықтар