Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021

БҚО тұрғындарынан есірткі тәркіленді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Карасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында БҚО тұрғындарынан есірткі заттары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО тұрғындарынан есірткі тәркіленді

«Карасора» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Орал қаласы Профсоюзная көшесіндегі үйдің ауласынан құрамында есірткі бар тоғыз түп өсімдік табылды. Күдікті 35 жастағы ер адам болып шықты. Бұталар сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, 33 жастағы азаматтың тұрғылықты жері бойынша Литва көшесіндегі үйдің ауласынан 13 қарасора бұталары табылды.