Әлем • 09 Қыркүйек, 2021

Тәлібтер Норвегияның Кабулдегі елшілігіне басып кірді

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» радикал қозғалысының содырлары Норвегияның Кабулдегі елшілігіне басып кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәлібтер Норвегияның Кабулдегі елшілігіне басып кірді

Бұл туралы Норвегияның Ирандағы елшісі Сигвальд Хауге Twitter-дегі парақшасында мәлім етті. Дипломаттың айтуынша, қозғалыс өкілдері ғимаратты кейін қайтаруға уәде берген.

«Қазіргі уақытта тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне кірді. Бізге оны кейін қайтарамыз дейді. Бірақ алдымен шарап бөтелкелерін сындырып, балалар кітаптарын жою керек. Шамасы, олар қаруды одан қауіпті емес деп санайды», делінген хабарламада.