Тағайындау • 09 Қыркүйек, 2021

ANTIKOR басшысы Мемлекетаралық кеңес төрағасы болып сайланды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.

ANTIKOR басшысы Мемлекетаралық кеңес төрағасы болып сайланды

Бұл туралы ANTIKOR News хабарлады.

ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл байынша Мемлекетаралық Кеңестің VI отырысы онлайн форматта өтті.

Аталған кеңес қатысушы мемлекеттер қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен іс-қимылдарды және міндеттемелердің орындалу мониторингін үйлестіреді.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Кеңес төрағасы болып сайланды.

Кеңес отырысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттерінің бас прокурорлары мен мамандандырылған органдарының басшылары қатысты.

М. Ахметжанов өз сөзінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты оның барлық түрінде жоюға бағытталған мақсатты бағытты ұстанатынын және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.