Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Ukrinform-ға берген түсініктемесінде хабарлады.
«Біз Президенттің Нью-Йоркке сапарын шынымен жоспарлап жатырмыз, оның нақты бағдарламасы туралы кейінірек хабарлаймыз», деді С. Никифоров.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-сессиясының жалпы дебаты 21-27 қыркүйекте өтеді.
Зеленский 2019 жылы Нью-Йоркке барып, 74 -сессияның жалпы дебатында БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде сөйлеген еді.
Еске салайық, Зеленский өткен аптада ғана АҚШ-та болды және Джо Байденмен келіссөздер жүргізді.