Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінің 545-шақырымында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Сүт тиеген жүк көлігі Күйік асуынан түсе берісте бірнеше трактор тиеген келесі бір жүк көлігінің артына соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, «Мерседес» көлігі бірнеше рет аударылып, күре жолды жауып қалды.Оқыс оқиғадан қаза болғандар жоқ. Қысылған жүргізушіні жолаушылар шығарып алды.