«Барлық ел бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың 5,5 миллиардқа жуық дозасы қолданылды», деді ұйым басшысы Тедрос Адан Гебрейюс.
Сонымен қатар, екпелердің 80%-ы табыс деңгейі жоғары және орташа елдерде жасалғанын атап өтті. Гебрейесустың айтуынша, кедей мемлекеттер қыркүйек айының соңына дейін вакцинацияланған азаматтардың 10%-на қол жеткізе алмайды. Ол дамыған мемлекеттер қалған елдерге 1 миллиард доза вакцина беруге уәде бергенін еске салды, дегенмен әзірге жоспарланған көлемнің 15%-дан азы берілді.