Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

Шу тұрғыны ірі көлемде есірткі сақтаған

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шу қаласының полицейлері жергілікті тұрғыннан 5 кг көлемінде гашиш есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шу тұрғыны ірі көлемде есірткі сақтаған

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауылынан 5 шақырым жерде Шу қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады, тінту жұмыстары барысында жалпы салмағы 4,7 кг «гашиш» есірткі заты табылды.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының УҰИ-не қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деді Жамбыл облысы ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.