28 Қаңтар, 2014

Шәкіртінің маңдайына «екілік» жазған ұстаз сотталды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 01-SoltystukСолтүстік Қазақстан облысында шәкіртінің маңдайына «екілік» жазған ұстаз жазаға тартылды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Естеріңізде болса, өткен жылы Жамбыл ауданы Бауман атындағы орта мектепте алгебра пәнінің мұғалімі Қымбат Әсімжанова барлық оқушылардың көзінше 7 сынып оқушысының шашын түбінен қиып тастап, маңдайына қаламмен «екілік» деп жазып, өшірмеуді талап еткен болатын. Мұндай келеңсіздіктің орын алуына оқушының көбейту кестесін білмегені себеп болған көрінеді. Осыған байланысты баланың ата-анасы мұғалімді сотқа беріп, 1 млн. теңге моральдық шығын өндіруді талап етті. Алайда, істі қараған судья айыпкердің жүкті екенін ескеріп, шартты түрде жаза тағайындады.

«Соттың шешімімен оған шартты түрде  1,5  жыл бас бостандығынан айыру және 2 жыл педагогикалық жұмыстармен айналысудан шектету туралы жаза тағайындалды. Судья істі қарау барысында оның жүктілігін, осындай қылмысқа бірінші рет барғанын және жақсы мінездемелерін ескерді», - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Динара Төлеңгітова.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.

Фото: Vesti.ru.