28 Қаңтар, 2014

Республиканың жекелеген аумағында күн ашық болады

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 01- winter sunБүгін, республиканың жекелеген аумағында күн ашық болады. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Оңтүстік және оңтүстік шығыста атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы болатыны мәлім болып отыр. Кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді. Сонымен бірге, жекелеген аудандарда боран болып, тұман түседі және көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында боран болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Жарма ауданында желдің екпіні секундына 25-28 метрге жетеді.

Қарағанды облысында түнде боран соғып, тұман түседі және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Аймақтың кейбір аудандарында қатты аяз болады деп болжануда. Ал Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болса, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 метрге жетіп, түнде боран болады.

Ақмола облысында күндіз боран болып, секундына 15-20 метрлік жел соғады. Сондай-ақ Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Синоптиктердің дерегіне жүгінсек, бүгін Астанада күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 21-23 градус суықтықты көрсетіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді. Әрі көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды, ал түнде сынап бағанасы 30-32 градусқа дейін төмендейді.

Әбдірахман Қыдырбек.

Дереккөз: «24 kz».

Фото: blognot.co.