28 Қаңтар, 2014

Бокс: Қазақстанның тәжірибелік құрамасы құрылды

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

boxing.jpg-28.01

Алматыда өткен Қазақстан бокс федерациясының жылдық есеп беру конференциясында ұлттық құраманың жұмысын дамыту мақсатында тәжірибелік құрама команда құрылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

 Жиында Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев тәжірибелік құрама команданың құрылғанын және оған жаттықтырушы болып Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың тағайындалғанын мәлімдеді.  «Бұл команда ұлттық құрамамыздың жұмысын одан әр жақсарту мақсатында құрылды. Оның құрамына 18 бен 21 жас аралығындағы дарынды боксшыларымыз енетін болады. Қазір тәжірибелік құрама команда оқу-жаттығу жиынын бастап кетті», деді ол. Оның айтуынша, тәжірибелік команда отандық боксшылардың  сабақтастығын күшейту үшін мақсатында құрылды. Сонымен бірге конференцияда ұлттық құрамамыздың Азия және әлем чемпионаттарындағы нәтижелеріне баға беріліп, әйелдер боксы мен "Астана арландары" командасының жұмысы туралы мәселе қаралды. Осыдан кейін Бокс федерациясы биылғы жылға жоспарын жасап,  осы жылы Түркістан және Семей қалаларында екі дене шынықтыру-сауықтыру әмбебап спорт кешенін салынатындарын мәлімдеді.  

Конференцияда қаралған мәселелер туралы кеңірек мына жерден көрулеріңізге болады.http://www.kfb.kz/rus/news/487/

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://www.kfb.kz

Соңғы жаңалықтар