
Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қысқы Олимпия ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларының тізімін жариялады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шаңғы спорты, ерлер: Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Евгений Величко, Денис Волотка, Марк Старостин, Роман Рогозин, Сергей Черепанов.
Шаңғы спорты, әйелдер: Татьяна Осипова, Анастасия Слонова.
Биатлон, ерлер: Диас Кенешов, Ян Савицкий, Сергей Наумик, Александр Трифонов, Антон Панов.
Биатлон, әйелдер: Елена Хрусталева, Галина Вишневская, Марина Лебедьева, Дарья Усанова, Алина Райкова.
Мәнерлеп сырғанау: Денис Тен, Абзал Рақымғалиев.
Фристайл-могул: Дмитрий Рейхерд, Юлия Галышева, Дарья Рыбалова, Дмитрий Бармашов, Павел Калмаков.
Фристайл-акробатика: Жібек Арапбаева, Жанбота Алдабергенова, Бағлан Іңкәрбек, Сергей Берестовский.
Шорт-трек: Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Аслан Даумов, Денис Никиша, Инна Симонова.
Конькимен жүгіру: Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Федор Мезенцев, Александр Жигин, Роман Креч, Екатерина Айдова.
Сноуборд: Валерия Цой.
Тау шаңғысы: Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин, Мартин Хубер, Екатерина Черепанова.
Шаңғымен тұғырдан секіру: Алексей Пчелинцев
Шана спорты: Елизавета Аксенова.
Айта кететін бір нәрсе, Қазақстан биылғы Олимпиадада алғаш рет сноуборд пен шана спортынан жарыстарға қатысады. Жалпы, тізімде барлығы 50 спортшы бар.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.