Оқиға 9 қыркүйек күні түстен кейін болған.
Жергілікті Көлік жөніндегі ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша Қандыағаш станциясының полиция бөлімі (Ақтөбе облысы) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі «Теміржол көлігінің қозғалысы мен жұмыс істеу ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», делінген ақпаратта.
Оқиғаға қатысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.