Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Атырауда 90-ға жуық оқушы КВИ жұқтырды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 89 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 90-ға жуық оқушы КВИ жұқтырды

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, 1-5 қыркүйек аралығында мектеп жасындағы 1 оқушының коронавирус инфекциясына шалдыққаны расталған. «Жазғы каникул кезінде мектеп жасындағы 88 бала қауіпті вирусқа шалдыққан. Олардың бәрі үйінде ата-анасымен байланыста болған.

Ал, 1 қыркүйектен кейін карантиндік оқшаулау жағдайындағы ата-анасымен жақын қарым-қатынаста болған бір оқушының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бірақ, бұл оқушы мектепке бармағаны, сыныптастарымен байланыс жасамағаны белгілі болды», дейді Гүлназ Ербатырова.