Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2021

М.Тілеуберді Солтүстік Македония Сыртқы істер министрімен кездесті

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османимен келіссөз өткізді, деп жазады Egemen.kz.

М.Тілеуберді Солтүстік Македония Сыртқы істер министрімен кездесті

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Солтүстік Македония ынтымақтастығын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жөніндегі қадамдарды талқылады.

Келіссөздер соңында ҚРСыртқы істер министрлігі мен Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2021-2023 жылдар кезеңіне арналған іс-қимыл жоспары және Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарттың күшіне енуі бойынша ратификациялау туралы грамоталармен алмасу туралы хаттамаға қол қойылды.

Сапар аясында Б.Османи Мемлекет басшысының қабылдауында болып, бірқатар қазақстандық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.

«Жалпы, Қазақстан мен Солтүстік Македония ынтымақтастығының келешегі жыл сайын кеңейе түсуде. Осының бәрі елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың сенімді сипатын айғақтайды», деп жазады СІМ баспасөз қызметі.