Спорт • 10 Қыркүйек, 2021

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азия гандбол федерациясы әйелдер арасындағы құрлық чемпионатына қатысатын командалар тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

ҰОК хабарлауынша, Қазақстан «А» тобында сынға түседі.

Бір топта жалпы есебі алты құрама бар. 

«А» тобы: Қазақстан, Оңтүстік Корея, Гонконг, Сингапур, Катар, Өзбекстан;

«В» тобы: Иордания, Жапония, Иран, Үндістан, Кувейт, Ауғанстан.

Азия біріншілігі 15-25 қыркүйек аралығында Иорданияда өтеді.