Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Екінші отандық вакцина клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов хабарлады. Оның айтуынша, екінші қазақстандық вакцина Тараз қаласындағы көпбейінді ауруханада зерттеуден өткізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Екінші отандық вакцина клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр

«Отандық екінші суббірлікті вакцина клиникалық сынақтың бірінші мерзімі аяқталды. Оған 44 адам қатысты. Екінші кезеңге 200 адам жинақталып жатыр. Қазір 130 адамға талдаулар өткізіліп, тексеріліп, вакцина салынды. Қалған 70 адамды зерттеу үстіндеміз. Зерттеуден дұрыс өткен жағдайда еріктілерге де вакцина егеміз», деді Хамит Мырзақасымов.

Сондай-ақ жаңа вакцинанының клиникалық зерттеуіне аудандардан еріктілер де қамтылыпты.

«Басқа аудандардан еріктілерді әкелгеніміз рас. Қордай және басқа аудандардан келді. Олар Тараздағы көпбейінді аурухананың базасында тексерістен өтеді. Базаның өз зертханасы бар. Тексерулер 6 айға созылады. Еріктілердің келісімімен 6 ай ішінде олар кестеге сәйкес талдау тапсыруға, тексерілуге келіп тұрады», деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.