Спорт • 10 Қыркүйек, 2021

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтетін ел анықталды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2021 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтетін ел анықталды

Биылғы біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. 

Әлемдік сын 7-17 желтоқсан аралығына жоспарланған. 

Қазақстан командасы дайындыққа кірісті. Қазіргі таңда Бақыт Ахметов бастаған топ Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 

Әлем чемпионатына қатысушылар қарашада өтетін республикалық сыннан кейін анықталады.