Әлем • 10 Қыркүйек, 2021

Румынияда «Қазақстан» саябағы ашылды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада румын ақыны Михай Еминескуге ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Румынияда «Қазақстан» саябағы ашылды

Ол «Бухарест» саябағында орнатылды. Ескерткіштің ашылу рәсіміне Румынияның Қазақстандағы елшілігі мен әкімдік өкілдері қатысты. Айта кетейік, осыған дейін екі елдің әкімдіктері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. 

«Бүгінгі шара - Мемлекет басшысының халықаралық бастамалары жаңа деңгейде жүзеге асырылып жатқанының көрінісі. Былтыр біз Нұр-Сұлтан мен Бухарест арасында аудандық деңгейде меморандумға қол қойдық. Соның аясында мәдени, спорттық және технологиялық қарым-қатынас саласында ынтымақтастық орнатуға келістік. Мәселен, өткен жылы Бухарест қаласында Ұлы Абайдың мүсіні қойылса, енді мына саябаққа «Бухарест» атауын беріп отырмыз», деді Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жакенов.

Елімізде ескерткіш ашылған уақытта Румыния астанасы Бухаресте «Қазақстан» деп аталатын саябақ ашылды. Шара тікелей эфирде көрсетілді. Оған Румыния сенатының төрағасы мен елдің бұрынғы президенті қатысты.