Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2021

Атырауда 90 дана психотропты дәріні заңсыз сатпақ болған тұрғын ұсталды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау тұрғыны психотропты дәрінінің 90 данасын заңсыз сатпақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 90 дана психотропты дәріні заңсыз сатпақ болған тұрғын ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Дәрмек» профилактикалық іс-шара кезінде психотропты дәрілерді сатушы анықталған.

«Атырау қаласындағы «Вокзал маңы» шағын ауданында 38 жастағы 50 трамадол, 40 трапикамед дәрі-дәрмегін заңсыз сатып жүрген жерінен ұсталды. Осы дерекке байланысты жинақталған іс-құжаттар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін жолданды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.