29 Қаңтар, 2014

Бес жылда Алматыда 25 балабақша салынды

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда кейінгі бес жылдың ішінде 25 балабақша салынып, самаладай сәнді ғимараттар сәбилердің күлкісіне толды. Тек соңғы күндері оңтүстік астанада төрт бірдей балабақшаның тұсауы кесіліп, кезекте тұрған қала тұрғындары бүлдіршіндерін жаңа ортаға жетектеп апаратын кез келді.

IMG 58211

 

Алматыда кейінгі бес жылдың ішінде 25 балабақша салынып, самаладай сәнді ғимараттар сәбилердің күлкісіне толды. Тек соңғы күндері оңтүстік астанада төрт бірдей балабақшаның тұсауы кесіліп, кезекте тұрған қала тұрғындары бүлдіршіндерін жаңа ортаға жетектеп апаратын кез келді.

IMG 58211

IMG 5892 66

Сондай заманауи жаңа балабақшаның бірі – тұрғындары тығыз орналасқан Айнабұлақ шағын ауданындағы № 179 балабақша. Айнабұлақ жақтағы мектеп жасына дейінгі жаңа мекеменің ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысып,   елеулі оқиғамен балдырғандарды, олардың ата-аналарын құттықтады, «Балапан» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.

– Алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі – болашақ жас ұрпақты тәрбиелеу. Бұл үшін Алматыда барлық жағдайлар жасалуда – балабақшалары мен мектептер салынуда. Біз бала тәрбиесінің ең алдымен балабақшадан басталатындығын ескеруіміз керек, – деді шаһар басшысы.

Әкім қалада 424 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі бар екен­дігін жеткізді. Бұларда 51 500 бала тәрбиеленуде. Жоғарыда атап өт­кендей, тек соңғы бес жылдың ішінде ғана мегаполисте 4090 орынды 25 балабақша салынды. Осы жылдар ішінде 1740 орындық 7 ғимарат қала меншігіне қайтарылды. Нәтижесінде Алма­тыда балабақша саны 8,1 пайызға (5 830 орындық) өсті.

Ал Айнабұлақ ықшам ауда­нын­дағы №179 балабақшаға 120 бүлдіршін бара алады. Ол қа­зіргі заманғы жабдықтармен толық қамтылған. Оқу-тәрбие жұ­мыстары мемлекеттік тілде жүзеге асуда.

Таяу арада мегаполистегі «Саялы», «Алғабас», «Ақбұлақ» ықшам аудандары мен Шаляпин мен Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысында жаңа балабақшалар бой көтеретін болады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.