29 Қаңтар, 2014

Ұлытау – Алаштың алтын босағасы

506 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Тарихшыларымыз халқымыздың өткен-кеткенін барынша дәл жүйелеп болды деуге әлі ерте. Айталық, соңғы 20 жылда Алаш арыстарының есімдері халқымызға қайта оралды. Сүйсінерлік іс. Ал, біз осы Алаштың түп-төркінін толық анықтап, зерделей алдық па? Алашым – елім дейміз. «Алаш – Алаш болғалы, Алаша хан болғалы», «Атамыз – алаш, керегеміз – ағаш» деген сөз ел аузында ертеден айтылып жүр. Оның мәнісіне үңілсеңіз, қисынды ойлар тарих тереңіне қарай бойлата түседі.

ERA 9846

 

ERA 9846

Тарихшыларымыз халқымыздың өткен-кеткенін барынша дәл жүйелеп болды деуге әлі ерте. Айталық, соңғы 20 жылда Алаш арыстарының есімдері халқымызға қайта оралды. Сүйсінерлік іс. Ал, біз осы Алаштың түп-төркінін толық анықтап, зерделей алдық па? Алашым – елім дейміз. «Алаш – Алаш болғалы, Алаша хан болғалы», «Атамыз – алаш, керегеміз – ағаш» деген сөз ел аузында ертеден айтылып жүр. Оның мәнісіне үңілсеңіз, қисынды ойлар тарих тереңіне қарай бойлата түседі.

1998 жылы шыққан жаңа энциклопедияда Алаш осы Ұлытау өңірінде тұрған, қарапайым халықтан шыққан деген деректер алға тартылады. Батыр, хан болған екен. Мемлекет құрған. Ұлытаудан 18 шақырымдай жерде көне Алаша хан деген қаланың орны табылған. Жаңғабыл өзенінің бойында хан ордасы аталатын үлкен сарай қамалдың қалдығы бар. Ал Алаш хан күмбезі Қаракеңгір өзенінің жағасында тұр.

14

Өзінен кейін оның үлкен баласы – Жайылхан хан болған. Жайылханның балалары – (Нұх пайғамбар шежіресінде) Қазақ, Созақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Дешті қыпшақ атаныпты. Мықты тайпаларға басшы болған. Олар атасы Алаш ханға теңдесі жоқ, зәулім күмбез салдырған. Әкесі өлген соң төрт ұлы хандыққа таласты ма, жоқ басқа бір жағдай сылтау болды ма, Созақ Қарақалпақ, Қырғыз түстікке қоныс аударады. Келе-келе Әбілқайырдан тараған. Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Кіші жүз) Арқаны тастап қоныс аударып, Ұлытау, Арқа жерінде Бекарыс (Орта жүз) қана қалады. Жайылханнан кейін оның төрт ұлы өз алдына ұлт атанды.

Ғасырлар өте Абылайды (Орта жүз ханы) үш жүздің ханы етеміз деп, бар қазақтың Ұлытауға жиналғанының сыры, Ұлытау Алаштың тұрған (туған жері десе де болады) жері, ұрпағының туып өскен жері. Оған куә көп, Алаш ханның күмбезі тұр. Қы­зығы, Алаш есімі – Алаша есімі бір есім екен («Қа­зақстан» энциклопедиясы, 1-том. 248-бет).

Өзіңе-өзің сұрақ қоясың. Жарайды, ке­­­ңес­­тер Алаш деп аузымызды аштырма­­­­­­­­ды. Алаш­ты құбыжық етіп көрсетті. Алаштан қо­рықты. Түбі – түркітектес елдер бірігіп, бөлі­ніп кетеді деп. Алаш көсемдерін қуда­лады. Ал біз неге Алашпыз деп өзімізді айтуға ың­ғай­сызданамыз, тіпті, күдіктенетін сияқты­мыз.

Өткенге үңілсек, Ұлытау өңірі тұнып тұрған тарихтың көне көзі. Сонау Дешті қып­шақ хандығы, Жошы ұлысы. Алтын Орда хандығы, содан қалды қазақ хандығы, Әмір Темір, Жоңғар жорықтары басқа да оқиғалар осы өңірде өткен. Ұлытаудай қазақ жерінде атақты, ардақты жер жоқ. Алаш атаның қара шаңырағы – Ұлытауды алтын босаға атандырды. Бұрын Ұлытау киелі құдірет болып, ұрпағы бас иіп, Ұлытауды мақтан тұтқан. Бір кезде Ұлытау, Арқа төрінде дүрілдетіп той-думан болғанда көгінде «Қанатталды» қанат қағып, «Бестөре», «Саржайлау» күйлері күмбірлеп, отты рух, өр намыс, жігер берген еді. Ұлытау енді артта қалған ауданның бас­панасы болып қалды. Күн өтіп жатыр.

Бүгін біз мықты елдердің қатарына қосылсақ та төрт жағымыз бірдей құбыла емес. Шығыста – әсем Астана, түстікте ордалы Алматы, батыста – Түркістан. «Қазақстан аталатын тұлпар үш аяғымен жортады. Төртінші аяқ басуға келмейді, ол – Ұлытау.

1995 жылы Елбасы Ұлытауға келіп белгітас қоярда, «Ұлытау – біздің бірінші астанамыз, досқа да, дұшпанға да ұялмай көрсететін ардағымыз, айбарымыз», деп текке айтпаған болар. Бірақ, өкінішке қарай Арқаның аңқау, жайбасар үлкен-кіші ұлықтары осындай аталы, астарлы сөзге мән беріп, іліп алып кетпеді. Түркістан қалай тез өркендеп, өсіп кетті. Сондай-ақ, облыс әкімін жұрт жарты патша көрсе де, бірде-бірі Ұлытауды – Ұлытау етеміз демейді. Біздің жақта әкімдерді тұрақтатпай, тез ауыстыратын бір келеңсіз әдет болды.

Байлығын алып, өзі керексіз болып қалғанын сезген Ұлытау тұнжырып, үнсіз төмен қарайды. Шоқан Ұлытауды «Меңіреу Ұлытау» деген екен. Ұлт мүддесі, бабалар рухы жайлы ойламақ тұрмақ, аталы сөзге тоқтап мән бермейтініміз қалай? Мәңгүрттік пе, керенаулық па. Барға тоқ, байшылыққа мәз болу кімге тұлға болған. Қазақты осындай ойсыздық құртып жүрмесін. Мысалға айтайын, әуелі «Мысты өңірде», одан кейін «Егемен» мен «Орталық Қазақстан» газет­­­­­­­­­те­­­­­рінде «Алаш па, Алаша хан ба?» деген мақала шықты. Қазақтарда үн жоқ. Мұны қалай түсінеміз? Ау, ағайын, Алаш деп, Ұлытау деп тебіренбесек те білгенді, білмедік десек, келер ұрпақтың қарғысына қалмаймыз ба?

Жол көп, біз жол айрығында тұрмыз? Бағытты жолды көшбасшымыз өзі сілтеп, өзі бастап берді. Бағыттан ауытқымау – халық­қа сын. Ұлы көш жүруін тоқтатпаса екен. Түбінде біз, аңқаулау, аздап жалқаулау жұрт­тың бәрін өзіндей көретін, ақкөңіл қазақтар, Күлтегін бабамыздың: «ел үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деген аталы, асыл сөзінің мәнісін жақсы түсінеріміз сөзсіз. Сол күнге жетер ұрпақта арман болмас.

Қойшыбек ТОҚТАМЫСҰЛЫ.

ЖЕЗҚАЗҒАН.

Соңғы жаңалықтар