Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2021

Абайдың «Қарасөздері» экрандалып жатыр

1010 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Президент телерадиокешені «Абай­­дың қарасөздері» кино­­жо­басының түсірілім жұмыста­­рын бастады. 15 бөлімнен тұра­­тын туын­ды «Ұлттық киноны қол­дау мемлекеттік орталығы­ның» қол­дауымен жүзеге асып отыр. Түсі­рілім жұмыстары Алматы қа­ласы мен Алматы облысының аумағында 25 қазанға дейін жал­ғасады.

Абайдың «Қарасөздері» экрандалып жатыр

Телевизиялық жобаның әр сериясы толыққанды сюжетке құрылады. Сюжеттерде бас кейіпкердің рөлін Тұң­ғышбай Жаманқұлов, Нұрлан Әлім­жанов, Жан Байжанбаев, Ерік Жол­жақсынов, Аружан Жазылбекова, Бе­рік Айтжанов, Аян Өтепберген, т.б. та­нымал қазақстандық актерлер сом­дайды. Жоба авторлары күрделі режис­серлік шешімдер арқылы ойшылдың қарасөздерін жаңа қырынан ашуға тырыспақ.

Телерадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаеваның айтуы­на қарағанда, ұжым бұл жобаға үлкен жауап­кершілікпен кірісіп отыр. «Оның философиялық пайымдары мен дана­лығы уақыт өткен сайын өзекті бола түскен. Ақынның «Қарасөздері» қо­ғам­ның рухани-мәдени өміріне бағдар беріп тұр. «Ақыры ойладым: ойыма келген нәрселерді қағазға жаза бе­рейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қы­лайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тап­са, жазып алсын, я оқысын, кере­гі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақы­ры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Хакімнің сол айтқаны айнымай келіп, бүгін жұрт «қарасөзбен» жазылған рухани мұраны әлі азық етіп келеді», дейді Раушан Қажыбаева.

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00