Президент • 13 Қыркүйек, 2021

Ғылымды дамытудың қадамдары

1495 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ғылым саласындағы түйткілдердің түйінін тарқату үшін «Ғылым туралы» заңға өзгерістер енгізуді тапсырды. Ғылым саласы даму үшін заңға қандай өзгерістер енгізу керек? Бұған қоса Президент жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешуді міндеттеді. Жауапты ведомство мұны қалай орындамақ? Сондай-ақ Жолдауда ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн екені айтылды. Оның ғалымдарға, ғылымға қандай пайдасы бар?

Ғылымды дамытудың қадамдары

Міне, осы және өзге де өзекті мәселе­лерге сала мамандары және жауапты өкіл­дер арқылы жауап іздеп көрдік. Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғы­лым комитетінің басшысы Жанна Құр­манғалиева Жолдаудағы мәселелерді ғалымдардың көп жылдан бері айтып келе жатқанын жеткізді: «Президенттің Жол­дауы ғы­лы­­ми қауымдастықтың арасын­да үлкен қол­дауға ие болып отыр. Өйткені Жолдаудағы мәсе­ле­лер ғалымдар тарапы­нан қан­ша­ма жыл бойы айтылып, көте­р­і­ліп келе жатыр. Бұл қандай түйткіл­дер? Бірін­шіден, ғалымдар жалақы­сы­н­ың тұрақсыздығы. Бүгінде ғалымдар жала­қыны институт директоры болмаса, тек қана конкурс ар­қылы ғана ала алады. Был­тырға дейін конкурстар 3 жылда бір рет қана өткі­зілетін. Сондықтан ғылыми қыз­мет­кер болғанымен, ғалым кон­курс­та жеңбесе, 3 жылға дейін ғы­лым­­нан да, институттан да қол үзуге мәж­­бүр болатын. Мұ­ның себебі қа­зір қол­­да­ныстағы «Ғы­лым туралы» за­ңға сәй­кес база­лық қар­­жы­лан­­­дыру көлеміне тек әкім­­ші­л­ік және техникалық қыз­мет­­кер­­­л­ер­дің жалақысы және ғи­ма­рат­­ты ұс­тау шығындары кіре­ді. Осы жағдайды өзгер­ту үшін Мемле­кет басшысы базалық қара­жат есе­бі­не жетекші ғалым­дардың жала­қы­сын енгізуді тапсырды. Екін­ші­ден, Жолдаудағы ғалым­дар­дың назарын өзіне аудар­ғаны – ғалым­дардың еңбегіне лайық­ты жала­қы төлеу мәселесі. 2020 жыл­­­­ды алатын болсақ, ғалым­дар­­­дың орта­ша еңбекақысы 152 мың тең­­гені құра­ды. Сондық­тан қазір біз Президенттің Жол­­дау­да айт­­­қан тап­сырмасына сәй­кес қол­­­­да­­ныс­тағы заңға өзге­ріс­­тер ен­­­гізу б­о­йынша Қаржы ми­­нистр­­лі­гі­­мен және басқа да тиісті ве­­до­­мство­лармен бірлескен жұмыс­тар­ды бастадық», деді Ж.Құрманғалиева.

Іргелі ғылым тікелей қаржыландырылады

Енді Жолдауда айтылған тағы бір түйткіл бар. Бұл – іргелі зерт­теу­лермен айна­лысатын инс­титут­тардың жайы. Мем­лекет басшы­сы осы мәселе туралы: «Мен Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің оты­ры­сында іргелі ғылыммен айналыса­тын ғылыми-зерттеу институттарын тіке­лей қаржыландыру тәр­тібін енгізуді тап­сыр­дым. Құзыр­лы министрлік осындай ғы­лыми мекемелерді іріктеудің және қар­жыландырудың айқын әрі ашық ереже­сін әзірлеуі керек», деген еді. Осы ретте Ғылым комитетінің төрағасы Ж.Құрман­ғалиева мынадай пікірін алға тартты:

«Іргелі ғылыммен айналыса­тын инс­титуттарды қаржылан­ды­ру мәселесі ең алдымен әлеу­мет­тік-гуманитарлық зерттеулерге қатысты. Иә, аталған түйткілдің тү­йі­нін тарқатуды Президент был­тыр тапсырған. Алайда тиісті заң­на­маға өзгеріс енгізбей, мәселе шешіл­меді. Сон­дық­тан іргелі ғылым­­мен айналы­сатын инс­ти­тут­­­тарды қаржы­ландыру­ға кедергі кел­­­тіріп тұрған заң­намаға өзгеріс ен­­­гізуді міндет­теді. Содан соң Жолдау­дағы ғалым­­­дар­­дың қолдауына ие болған міндет – Ұлттық ғылыми кеңестер­ге қатысты өзгеріс. Бұған дейін ғалымдар Ұлттық ғылыми кеңестердің шешіміне жиі ша­ғым­данатын. Бірақ арызын қарастыру­ға мүмкіндік болмайтын. Енді Пре­зи­денттің Жолдаудағы тап­сыр­масы бойынша Ұлттық ғылы­ми кеңестердің шешіміне апелляция институты енгізіледі».

Осы орайда оқырмандар мен қоғам ара­сында «Іргелі ғылыммен айналысатын нақ­ты қандай институттар тікелей қар­жы­лан­­­дыруға ие болмақ?» деген сұрақ туатыны заң­ды. Тиісті ведомствоның тарат­қан ақпа­ратына қарағанда, бұл – ұлттық маз­мұны бар гумани­тар­лық ғылымдар, тар­қа­тып айт­қанда, тіл білімі, әдебиет, тарих, фи­­ло­­софия, археология саласын қар­жы­­лан­д­ы­ру жоғары деңгейде емес. Сол себеп­ті де атал­­ған ғы­лым саласына, сондай-ақ осы ба­­­­ғы­т­­тарда зерттеулер жүргізіп жүр­ген ға­лым­­­дарға мемлекеттен қол­дау көрсетілуі керек.

 

Жолдауды тиімді іске асыруға септесетін ұсыныстар

Президент Жолдауда: «Ғы­лым­ды дамыту – біздің аса маңыз­ды басымдығымыз. Бұл саладағы түйткілдердің шешімін табу үшін жылдың соңына дейін заңнамаға өз­герістер енгізу қажет», деді. Ғы­лым сала­сын дамытуға не кедер­гі? Оны жою үшін заңға қан­дай өз­герістер енгізу керек? Осы сұрақ­ты Адам құқығы, инклю­зия және азаматтық қоғамды зерт­теу ор­­та­лығының директоры, Еура­зия­лық тех­­нологиялық универ­си­те­ті­нің қауым­дастырылған профес­соры, құқық PhD докторы Халида Әжіғұловаға қойып көрдік.

«Былтыр әріптестеріммен бірге «Инс­титуционалдық реформалар мен 100 қадам Ұлт жоспары бойынша секторды өзгерту менед­жерлерін даярлау» мемле­кеттік бағдарламасына қатыс­тық. Сонда елдегі ұлттық ғылым­ның жай-күйіне және ғылымды басқа­рудың прогрессивті халық­аралық тәжірибесіне кешенді талдау жүргіздік. Cол зерттеудің негі­зін­де Қазақстанда ғылымды басқа­ру бойынша бірнеше ұсыныс әзір­ле­дік. Бұл ұсыныстар 12 елдің жетек­ші ғылыми орталықтары мен универ­ситеттерінің, Қазақстанның ғылы­ми қоғамдастығы мен мем­лек­еттік органдарының белгілі ғалым­дарының қатысуымен түрлі пікірталас алаңдарында талқы­ланды. Осы ұсыныстардың бірне­шеуін жүзеге асыру үшін Салық кодексіне және «Ғылым туралы» заңға өзгерістер жоба­сын дайын­дадық. Біріншіден, салық­тық жеңіл­діктер мен преференциялар арқылы компаниялардың ғылымға жеке инвес­тиция салуына салықтық жеңіл­діктер. Қазір Қазақстандағы ғылыми-зерт­теу­лердің көп бөлігі мемлекеттік бюд­жет­тен қар­жы­лан­дырылады. Ғылымға жеке ин­­вес­­ти­циялардың үлесі өте аз. Зерт­­теу­­лер мен әзірлемелерге инвестиция са­­ла­­тын компаниялар үшін тартымды са­­лық режімі жағдайды өзгертуге кө­мек­­те­се­ді. Енді Салық заңнамасына сәй­кес са­лықтық жеңілдіктер, оның ішінде қосым­­ша құн салы­ғынан босату тек ғылы­ми ұйым­дар­дың өзіне ғана қатыс­ты. Біз басқа кәсіп­­кер­лер үшін де са­лық жеңіл­дік­терін енгізу керек деп есеп­тейміз. Бұл ком­панияға пай­даны арт­тыру­ға немесе өн­діріс шы­ғын­дарын азай­туға көмектесе­тін ғылы­ми-зерттеулерге инвестиция салуға ын­та­ландырады», деп жауап берді Х.Әжіғұлова.

Сарапшымыздың әріптестері­­мен бір­лесе жасаған ғылымның дамуына ық­пал ететін өзгерістер жайлы талдаулары бұдан да тереңде екен. Ғылымды бас­­қа­рудың прогрессивті халықаралық тәжі­рибес­іне кешенді талдау жүргізген топтың мү­шесі бизнес тарапынан ҒЗТКЖ (ғы­лыми-зерт­теу және тәжірибелік-конс­трук­­тор­лық жұ­мыстар) үлесін (жалпы қар­жы­ландырудың 60% пайыздан 75% пайызға дейін) ұлғайтуды ұсынып отыр­­ғанын жеткізді. Х.Әжіғұлова мен ко­мандалас зерттеушілері­нің ойын­ша, ҒЗТКЖ-ға кететін шығындар бо­йын­ша салық салынатын пайдадан шеге­рім­­дердің сомасы Сингапурдың үлгі­сі­мен 300%-ға дейін ұлғайтылуы тиіс. Мұн­дай шара Сингапурға 1990 жылдары инновациялық жоғары тех­ноло­гиялық компаниялардың көбеюі­не, дамуына мүмкіндік берді. Ал Қытай­да компаниялар ҒЗТКЖ нә­ти­желері енгізілгеннен кейінгі бірін­ші табыс түскен соң 2-5 жыл бойы салық демалысын ала алады.

«Кәсіпкерлікке салық жеңіл­дік­терін беретін уақыт жетті. Ғы­лым мен иннова­ция­ның негіз­гі қозғаушысы – бизнестің сұра­нысы. Сонымен қатар салықтық жеңіл­діктерді алу мүмкіндігі шағын және орта бизнесті ғылыми-зерт­теулерге инвес­тиция салуға ын­та­ландырады. Осылайша, біз Қазақ­станда ғылымды қажет ететін өн­діріс­тердің санын көбейтеміз: бұл ин­новациялық өнімдер мен қыз­мет­тер болуы мүмкін. Салық­қа қатысты тағы бір ұсыныс, универ­ситеттік ғылымды дамыту қажет. Салықтық жеңілдіктер жо­­ғары оқу орындарындағы ғы­лым­ның дамуына ықпал етеді. Жоғары оқу орын­дарындағы зерт­теу­лердің тиім­ділігі өте жоғары. Өйткені уни­вер­ситеттерде құн­ды адами ресурс­тар, яғни ғалым­дар, сон­дай-ақ зерттеулерге арнал­ған зама­науи зертханалар құруға арнал­ған алаңдар бар. Универ­си­тет­­тер мен кәсіпорын­дар өте же­міс­­ті ын­тымақтастықта бола ала­ды. Мә­селен, компаниялар уни­вер­­си­тет­терде ендаумент (endowment) қо­рларын құрып, сол ар­қылы ғылы­ми тапсырыстар биз­нес қажет­тіліктеріне қарай қар­жы­лан­ды­рылады. Ғылым, кәсіп­кер­лік парк­тері – университеттер мен биз­нес­тің табысты ынты­мақ­­тас­­ты­ғының тағы бір мысалы. Ай­­талық, Ұлыбританиядағы Лофборо университетінде Ғылым және кәсіпкерлік паркі құрылды, онда ұлттық әлемдік беделі бар 80-нен аса компанияның кеңселері ұсынылған және 2 500-ден астам адам жұмыс істейді. Осындай саябақтар аясында университеттер мен бизнес жаңа ғылыми білім мен технологияларды құру және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін бірлескен ғылыми жобаларды жүргізе алады», дейді Х.Әжіғұлова.

Оның ойынша, жоғары оқу орын­дарын­­дағы ғылым жөнін­дегі проректор­лардың жергілікті кә­сіп­керлерді ғылыми-зерттеу­лері­не инвестиция тартуға ынталандыру үшін өз университеттерінің ғылы­ми әлеуетін бизнес-қауым­дас­тық­қа сатуы маңызды. Атап айт­қанда, жоғары оқу орындары жыл сайын жәрмеңке өткізе ала­ды. Университеттерде жас ғалым­­дарға ғылыми кәсіпкерлікті үй­ре­ту­ге болады және бұл оларға өздері­­нің ғылыми стартаптарын құру­ға көмектеседі. Осылайша, бізде ғылыми-зерттеулерден ақша таба­тын және өздерінің ғылыми жоба­ларына инвестиция тарта ала­тын ғалым-кәсіпкерлер қауы­мы қалыптасады. Сонда елімізден де Илон Маск сияқты отандық миллионер ғалымдар шығады.

 

Аяқталмай қалған зерттеулер бар

Мемлекет басшысы биылғы Жол­­дауын­да ғылым саласын грант­тық қар­жы­лан­дыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарас­тыруды тапсырды. Бұл несі­мен маңызды? Ғалымдар мен ғы­лымға қандай пайдасы бар? Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған Жас ғалымдар кеңесі­нің төрағасы Еламан Айбол­динов ғылым саласын гранттық қаржы­лан­дыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту ғылыми нәтижені жақ­сартуға септігін тигізетінін айтады.

«Ғылым саласын гранттық қар­жы­лан­дыру мерзімін бес жылға дейін ұзар­ту кейбір ұзақ уақытты қажет ететін маңыз­ды зерттеу­лерге өте пайдалы. Жал­пы, ғы­л­ы­ми жаңалық немесе ғылыми-зерт­теу­­дің нәтижесі 1-2 жылда шығарыла сал­мауы мүмкін. Әртүрлі ғылым саласы бар ғой, мы­салы, картоптың сор­тын, қойдың, жыл­қы­ның тұқы­мын шы­ғару 3-5 жыл емес, он­да­­ған жыл­­ды қажет етеді. Осындай ба­ғыт­тағы зерт­теу­лерге 3 жыл­дық қана қаражат бөлі­­неді. Әрі қарай тағы конкурсқа береді. Бұл жолы кон­курстан түрлі себеппен өтпей қалуы мүм­кін. Сондайда зерттеу со­ңына, нәти­­жесіне жетпей аяқсыз қалып қоя­ды. Со­дан келіп әп-әдемі жұмыс іс­теп, жақ­сы нәти­женің шетін көрсетіп қал­ған, бір-бірін толық­тырып әрекет еткен ға­лым­­д­ар тобы тарап кетіп жатады. Отан­­дық ғы­лымға, ғалым­дарға сенім со­дан тө­мен­­дейді. Сол се­бепті Пре­зи­денттің Жол­даудағы айтылған тапсыр­масы өте орын­ды. Бұл – ең алдымен ғалымдар мен ғылымға пайдалы шешім», дейді Е.Айболдинов.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Жолдау жүгі жеңіл болмай тұр. Ең бас­тысы – тапсырмалар мен міндеттердің қалай, қандай нәтижемен орындалатынында. Ал одан да маңыздысы – ғылымға, ғалымдарға тиімді тетіктің болуы.