Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021

Каспий жағалауынан 200 жылдық тарихы бар жәдігер табылды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал археолог Андрей Астафьев 200 жыл бұрын Каспий теңізінде болған кеменің бекіту бұрандалары мен шегелерін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Каспий жағалауынан 200 жылдық тарихы бар жәдігер табылды

«Тарихи жәдігер Түпқараған ауданына қарасты «Түлкілі сай» жеріндегі теңіз жағалауында көміліп жатқан», деп жазады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Археологтың мәліметінше, кеме ХVIII ғасырдың соңында Каспий теңізінде апатқа ұшыраған. Су құралының ағаш шантағын су шайып кеткенімен, темір бұйымдар теңіз түбінде шөгіп қала берген. Жылдар өте келе, теңіз деңгейі өзгеріп, жәдігер құрлықта болған.

Андрей Астафьев бұл олжаны Әбіш Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырды.

Бұл археологтың мұражайға берген жалғыз сыйы емес.

«Қарақабақ қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде үңгірге тап болып, оның ішінен кендір арқан мен арқанға байланған ілмектер тапқан. Кемеге қатысты заттар екені көрініп тұр. Кеме бір ғасыр бұрын әзірленсе де, құрғақ жерде жатқандықтан жақсы сақталған», дейді баспасөз қызметі.

1

2

3