29 Қаңтар, 2014

Кеңейген көкжиектер

326 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

ba7e7d308beadac1e3adc8fdb3a95beaӘрдайым тереңдігімен және де халыққа аса қажет мәселелерге бағытталғандығымен ерекшеленетін бағдарламалық сөздері мен баяндамаларында отандастарының арман-мақсатын аялап, ертеңге деген сенімі мен үмітін үкілеп келе жатқан Елбасымыздың биылғы Жолдауына да ел еңсесін тіктер шуақты ойлар, әлеуметті жігерлі іс- қимылға жұмылдырар асқаралы міндеттер арқау болып өрілгені қандай ғанибет. Жаңа Жолдауда мемлекетіміздің алдағы дамуының барлық бағыттарына назар аударылып, маңызды міндеттер белгіленді. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы да нағыз қайнаған өмірдің өзінен туған құнды құжат, байыпты бағдар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жол­дауынан туындайтын міндеттерді талқы­лауға арналған облыс активінің жиналысына қатысушылар осылай ой түйді.

ba7e7d308beadac1e3adc8fdb3a95beaӘрдайым тереңдігімен және де халыққа аса қажет мәселелерге бағытталғандығымен ерекшеленетін бағдарламалық сөздері мен баяндамаларында отандастарының арман-мақсатын аялап, ертеңге деген сенімі мен үмітін үкілеп келе жатқан Елбасымыздың биылғы Жолдауына да ел еңсесін тіктер шуақты ойлар, әлеуметті жігерлі іс- қимылға жұмылдырар асқаралы міндеттер арқау болып өрілгені қандай ғанибет. Жаңа Жолдауда мемлекетіміздің алдағы дамуының барлық бағыттарына назар аударылып, маңызды міндеттер белгіленді. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы да нағыз қайнаған өмірдің өзінен туған құнды құжат, байыпты бағдар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жол­дауынан туындайтын міндеттерді талқы­лауға арналған облыс активінің жиналысына қатысушылар осылай ой түйді.

Иә, бүгінде бүкіл қазақстандықтар Елба­сының жаңа Жолдауын қызу талқылауда. Биылғы Жолдау негізінен «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру бағыт­тарына арналды. Мемлекет басшысы: «Қазақстан – 2050» Стратегиясының ең бас­ты мақсаты – елімізді дамыған 30 ел­дің қатарына енгізу. Ол – «Мәңгілік Қазақ­стан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», – дей келіп, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға жол ашатын жеті басымдықты айқындап берді.

Еліміздің экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі инновациялық индустрияландыру трендін түзету және күшейту болып табылады. Демек, біз алдағы кезеңде өз мүмкіндіктеріміз бен артықшылықтарымызды нақты бағалап, қолда бар ресурстарды шашыратпай, ең басым бағыттарға шоғырландыра білуіміз керек. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында біздің облыста өңір экономикасы үшін маңызды бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Жүк вагондарын өндіру жолға қойылды, республикамыздың мұнай-газ және теміржол кешендерінің мұқтажы үшін өнімдер шығаратын машина жасау кәсіпорындарының өндірісі жаңғыртылды. Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 41,5 миллиард теңге тұратын, 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін 30 жобаны жүзеге асыру қолға алынса, бүгіндері сомасы 26 миллиард теңгеге жуық 26 жоба іске қосылды, жаңадан 800-ден астам жұмыс орны ашылды. Барлық нысандар тұрақты жұмыс істеп тұр. Өткен жылы облыс экономикасына 100 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылды. Осы бағыттағы ісімізге «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Инвесторларға қызмет көрсету орталығының ашылуы да тың серпін бергені анық.

Президент Жолдауында Қазақстанды геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығару қажеттігі баса айтылған. Біздің өңір бұл міндетті жүзеге асыруға да лайықты үлес қоса алады деп ойлаймыз. Өйткені, бізде пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар. Атап айтсақ, республика балансындағы қалайының 65 пайызы, цирконийдің 37 және уранның 19 пайызы біздің үлесімізде. Қазір Ақжар, Уәлиханов, Тайынша, Есіл аудандарында бірқатар кен өндіру және өңдеу компаниялары іске кірісіп, табысты жұмыс істеуде. Тұтастай алғанда бұл салаға бүгіндері 49 кәсіпорын тартылып отыр, олар 2013 жылы облыс бюджетіне салық төлемі ретінде 250 миллион теңгеге жуық қаржы аударды.

Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа көшіруді қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы біздің өңір үшін айрықша маңызды. Солтүстік Қазақстан облысы бұл орайда Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың көшбасшылары қатарынан көрінуге тиіс. Оған біздің мүмкіндігіміз мол. Біріншіден, өңірдің климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға аса қолайлы. Дегенмен, қол жеткізген табыс­тарымызды тек осымен ғана түсіндіруге болмайды. Салаға мемлекеттің қолдауы да қайтарымның мол болуына игі ықпал етуде. Егер 2012 жылы 9,3 миллиард теңге жәрдем қаржы бөлінсе, өткен жылы оның көлемі 14,9 миллиард теңгеге жетті. 2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы түсімі табиғи көлем индексі 113 пайыз болған жағдайда 277 миллиард теңгені құрады. Жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда еңбек өнімділігі 869,2 мың теңге немесе оның алдындағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 115,3 пайыз болды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына сомасы 44,7 миллиард теңге немесе 109,5 пайыз инвестиция салынды. Алдағы жылдары осы қарқынды сақтау үшін, әрине, қыруар жұмыстар атқаруымыз керек. Міне, осы мақсатта облыста өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, оны бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған дақылдар өсіруге қайта бағдарлау жөнінде нысаналы жұмыстар қолға алынды.

Президент өзінің Жолдауында азық-түлікке деген сұраныс жыл өткен сайын өсе түсетінін айрықша атап көрсетті. Осыған орай өндіріске жаңа технологияларды енгізіп, еңбек өнімділігін арттыруға, жермен жұмысты жақсартуға баса көңіл бөлуіміз керек. Облысымызда осы талап деңгейінен көрініп келе жатқан Қызылжар ауданындағы «Зенченко және К» КС-і, Тайынша ауданындағы «Тайынша-Астық» ЖШС-і мен «Астық Стем» ЖШС-і, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның «Тұқым» ЖШС-і және «Ақселеу» ЖШС-і, Есіл ауданындағы «Прометей-Агро» ЖШС-і және «Агрохимснаб» ЖШС-і, Мамлют ауданындағы «Мәмбетов және К» КС, Аққайың ауданындағы «Дайындық» ЖШС-і сияқты агроқұрылымдар бар. Ендігі жерде біз олардың тәжірибесін баршаның ортақ игілігіне айналдыру жағын ойластырудамыз.

«Қазақстан ет, сүт және егіншіліктің өзге де өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуы тиіс», деп атап көрсеткен Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға солтүстікқазақстандықтар да қомақты үлес қоса алады. Ол үшін өткен жылы біздің аграршыларымыздың тірілей салмақпен 97 мың тоннадан астам ет, 458,5 мың тонна сүт және 487,2 миллион дана жұмыртқа өндіргенін, сөйтіп, ет өндіруді – 15 пайызға, құс етін – 33 пайызға, өңделген сүтті 92 пайызға арттырғанын айтсақ та жеткілікті.

Фермерлікті дамыту ел экономикасында маңызды рөл атқаратынын, ауыл­дарда өзінің бизнесін жүзеге асыруға ниет білдірген кәсіпкерлердің жолында кесе-көлденең тұратын әкімшілік ке­дергілерді жою қажеттігін Елбасымыз ұдайы айтып келеді. Бұл міндетті ше­шу үшін фермерлердің ұзақмерзімді қар­жыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуына қол жеткізуіміз керек. Бұл ретте облыста жинақталған жақсы тәжірибе бар. Дегенмен, оны әлі де жетілдіре түсу керек деп ойлаймыз. Сол сияқты, «Агробизнес – 2020» бағдарламасы шеңберінде машина-трактор паркін жаңарта отырып, егіс танаптарын әртараптандыруды жалғастыра бермекпіз. Ұқсату саласында да кезегін күтіп тұрған істер аз емес. Экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім өндіру көлемін ұлғайту үшін кәсіпорындарды жаңғыртуды қамтамасыз етуіміз қажет. «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай егіс танаптарының 15 пайызы су үнемдейтін технологияларға көшіріледі.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «инфрақұрылымдық үштағанның – агло­мерацияның, көліктің, энергетиканың» қар­қынды дамуын ерекше басымдық ретін­де бөліп қарастырды. Аса ірі халықаралық автомобиль және теміржол тораптарының тоғысқан жерінде орналасқан, Ресей Федерациясының үш бірдей өңірімен шектесетін біздің облыста көлік инфра­құ­рылымын дамыту ерекше маңызға ие. Біз үшін бұл сала экономикалық өсімнің нақты көзі болып табылады. Осыған байланысты логистикалық қызметтер секторын дамыту, сонымен қатар, Кеден одағы мүмкіндіктерін барынша кеңінен пайдалану мәселелеріне басымдық беріп отырмыз.

Бүгінде бүкіл әлемде тұрмыста да, өндірісте де жаңа технологиялар негізінде электр қуатын үнемдеуге, энергияның жаңар­тылған баламалы көздерін пай­да­лануға баса мән беріліп отыр. Біздің өңірі­мізде Новоникольское ауылындағы «Зен­ченко және К» КС-де біраздан бері қол­данылып келе жатқан жел энергиясын өндіретін қондырғылар осыған мысал бола алады. Олар шаруашылықтың қажет­тіліктерін өтеумен бірге, артылған қуат көзін басқа мақсаттарға да пайдалануда.

Елбасының тапсырмаларына сәйкес біз кәсіпкерлік саласына да ұдайы қолдау көрсетіп келеміз. Сөйтіп, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою, шағын бизнесті орта деңгейге көшіру жөнінде шаралар қолданылуда. Нақты мысал келтіре кетсек, рұқсат шараларын түгендеу және оңтайландыру жөнінде елеулі жұмыстар жүргізудің нәтижесінде лицензияның 5 түрі және 104 рұқсат құжаты электрондық нұсқаға көшірілді. Ал биыл 30-дан астам рұқсаттаманы оңтайландыру жоспарланып отыр. Сол сияқты, өткен жылы Петропавл қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Айта берсек, осындай тындырылған істер баршылық. Алайда, қол жеткенге тоқмейілсуге болмайды.

Елбасы Қазақстанның XXI ғасырдағы даму көкжиегін бірінші кезекте адами өлшеммен, қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктерді жасаумен байланыстырады. XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді, денсаулығы мықты азаматтар. Білім саласының алдына оның барлық буындарының сапасын арттыру, әрбір деңгейде білім берумен толық қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер қойылды. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Назарбаев зияткерлік мектептері қазіргі заманғы орта білім беруді дамыту деңгейін көтеріп, тың серпін бермек. Оқыту барысында бірінші кезекте оқушылардың сыни ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білулеріне мән берілмек. Үстіміздегі жылы облыс орталығында химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылғалы отыр. Техникалық және кәсіби білім берудің сапасы шынайы өндіріспен және технологиялық инновациялармен тығыз байланысымен айқындалатын болады. Өңірде дуальдік білім беруді енгізу бойынша басталған жұмыс жалғасын табады. Өйткені, біздің алдымызда дуальді жүйе бойынша дайындалатын мамандықтардың санын екі есе көбейту міндеті тұр.

Осындай дамудың даңғылына бас­тар тың ізденістер денсаулық сақтау, мәдениет салаларына да тән. Денсаулық сақ­тауда алғашқы медициналық-сани­тар­лық көмекті дамытуға, міндетті меди­циналық сақтандыруды енгізуге басымдық берілсе, мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұ­жырымдамасы мәдениет саласында негізгі даму векторына айналып, халқымыздың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет клас­терін дамытуға бағытталған шаралар қолға алынады.

Биылғы Жолдауда мүмкіндігі шек­теу­лі азаматтарға қатысты мәселелер де көтерілді. Президенттің айтуынша, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрмыстық қызмет, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Жыл сайын біздің облысымызда 200-ден аса кәсіпорын мен ұйым 500-ден аса мүмкіндігі шектеулі адамды жұмысқа тартады. Алдағы кезеңде осы орайда бизнесті де барынша ынталандырмақпыз.

Әлемнің дамыған 30 елінің қата­рына қосылуға ұмтылыс кезінде мемле­кет­тік институттар жұмысының сапасы аса маңызды негіз болып табылады. Бұл орайда Мемлекет басшысы адал бәсе­келестіктің, әділеттіліктің, заң­ның үстем­дігі мен жоғары құқықтық мәде­ние­т­­тің қажеттігін атап көрсетті.Тәжі­­рибе аңғартып отырғанындай, мем­­лекет өмірінің барынша маңызды мәселе­лерін демократиялық әдістермен шешу мемлекеттік институттардың, сая­си партия­лардың, басқа да қоғамдық бірлес­тіктер­дің, үкіметтік емес ұйымдардың, алуан әлеуметтік топтардың және тұр­ғын­дар­дың бірлескен күш-жігерінің негізінде де мүмкін болады. Жыл сайын өңірімізде үкіметтік емес ұйымдардың санының артуы байқалып отырғандықтан, бұл біз үшін аса маңызды.

Соңғы жылдары Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның тікелей ұйытқы болуының арқасында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілді. Бұл мәселе жаңа Жол­дауда да назардан тыс қалған жоқ. Сы­байлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік страте­гия­ны іске асыру әлеуметтік, эконо­микалық және саяси тұрақтылықты нығай­туға, жекелеген азаматтардың да, сонымен бірге, тұтастай қоғамның да құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қыл­мыстық көріністерден қорғау деңгейін көте­руге мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, ел Президентінің пайымдауынша, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды екі кезеңде өткізу керек. 2030 жылға дейінгі аралықты қамтитын бірінші кезеңде ХХІ ғасырдағы мүмкіндіктерге орай жаңғыру серпілісі жасалады. Екінші кезеңде еліміздің ғылыми қамтымды қағидаттарға негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажеттілігіне баса назар аударылады.

Атқарушы биліктің қызметінің бар­лық жүйесі және мемлекеттік органдардың құрылымы «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталуға тиіс. Сондықтан әрбір әкім, әрбір кәсіпорын басшысы осы жұмысқа басшылық жасауы, ең алдымен өздері түсіндіруі және осынау маңызды іске баршаны тартуға тиіс. Міне, біз осындай талаптарды ескере отырып, Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру бойынша нақты шараларды әрбір солтүстікқазақстандыққа жеткізуге күш салатын боламыз.

Осы Жолдауда Елбасы Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел екендігін баса айтты. Елбасының еліміздегі жүргізіп отырған жүйелі саясатының арқасында біз армандарды ақиқатқа айналдырып, Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Тәуелсіздік, ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім – міне, осылар «Мәңгілік Ел» – Қазақстанның алға қарышты және сенімді қадам басуын қамтамасыз етті. Тәуелсіз Қазақстанның халқын біріктіретін ұлттық құндылықтардың бірі – мемлекеттік тіл. Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жол­дауда да мемлекеттік тілдің Қазақстан тәуелсіздігіндегі маңыздылығын ерекше атап көрсетті. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», – деп мәлімдеді Президент. Мемлекеттік тіл – Қазақстандағы келісім мен татулықтың, бірлік пен тұрақтылықтың алтын арқауы болып қала бермек.

Жоғарыда айтқанымыздай, Елбасының биылғы Жолдауы негізінен «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған. «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғырту жолы. Ендеше, Президенттің биылғы Жолдауындағы жаңа бастамаларды іске асыру жолында күш-жігерімізді аямай еңбек ету, сөйтіп, сүйікті Отанымыздың дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіне өз үлесімізді қосу баршамыздың абыройлы борышымыз болып табылады.

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан

облысының әкімі.

Соңғы жаңалықтар