29 Қаңтар, 2014

Оқырман ойы

714 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

p8kiwsp22hc8o4wgw4wcЕлбасы Нұрсұлтан Назар­баев биылғы Жолдауында да аналарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Ол кісінің «Мәң­гілік Қазақстан» жобасының іргетасын біздің балаларымыз қалап, немерелеріміз игілігін көретін болады. Сондықтан да «Бұл Стратегия сіздерге ар­нал­ған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсыңыз ат­са­лысыңыздар. Елдің бола­ша­ғын барша халықпен бірге жасаңыздар!» деп отыр Елбасы.

 ОТАН ОТБАСЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ ИЕК АРТАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев биылғы Жолдауында да аналарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Ол кісінің «Мәң­гілік Қазақстан» жобасының іргетасын біздің балаларымыз қалап, немерелеріміз игілігін көретін болады. Сондықтан да «Бұл Стратегия сіздерге ар­нал­ған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсыңыз ат­са­лысыңыздар. Елдің бола­ша­ғын барша халықпен бірге жасаңыздар!» деп отыр Елбасы.

Мен қала қызымын, ауыл келінімін. Сегіз баланы дү­ние­ге әкелсем де жұмыстан қал­ған емеспін. Үйде де қарап отырмай­мыз. Құрақ құрап, киіз басуды, шаруа істеуді қайын енемнен үйрендім. Балаларыма да үйретудемін. Бұл – тәрбиенің тәлімді өрнегі. Қазір үй жанынан тігін цехын ашып, ұлтымыздың қолөнерін дамыту қамындамын. Жолдауда атап көрсетілгеніндей, бұл іске отбасы мүшелерін кеңінен тартатын боламын.

Келешегі кемел елдің болашағы – тәрбиелі ұрпақ­та. Бұл орайда, баланы мате­риал­дық қамтамасыз етуден гөрі, оның тәрбиесімен айна­лы­су қиынырақ. Бала әуелі ата-анасының сөзі заң болған­дық­­тан, әке-шешесінің жасаған іс-әрекетін өзіне үлгі етіп алады. Исламда «бала Жаратқан ие­міздің ата-анаға жіберген аманаты» деген тү­сінік бар. Осы жолда сенім биігінен көрі­ніп, міндетін адал атқарған ата-ана­лар қандай сый-құрметке болсын лайықты.

Отбасы – Отанның бір бөл­шегі де­ген жақ­сы сөз бар. Ендеше, ертеңгі ерен іс­те­рі­міз, телегей табыстарымыз, ба­­қыт­ты тіршілігіміз барша­мыз­дың қолы­мызда екендігін ұмыт­пайық дегім келеді.

Роза АСЫЛБЕКОВА,

«Алтын алқа» иегері.

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы.

 

ӘН МЕН КҮЙ ӘЛЕУМЕТ ТОҚ БОЛҒАНДА ҒАНА КЕРЕК

Ел өмірі тек мәдениеттен тұрмайды. Ең алдымен, халықтың тұрмысы жақсы бо­луы керек екенін әрқайсымыз білеміз. Нан болса ән де болатынын бала кезімізден құлағымызға құйып өскен ұрпақпыз. «Ораза, намаз тоқтықта» дегендей, Ел­басының биылғы Жолдауында ең бірінші әлеуметтік мәселелердің көтерілгені өнер адамдарының да көңілінен шығады деп ойлаймын. Экономикасы мен ғылым-білімі дамыған ел ғана мәдениетке көңіл бөле алатынына көзіміз жеткен.

Сондықтан да Жолдауда басым­дық бе­ріл­ген барлық салалардың дамуы түп­тің-түбінде ұлттық өнерге де жағдай жа­сауға жол бастап береді деп есептеймін. Тыныштығы, татулығы, дамуы жоқ елдер­дің мәдениет түгілі, бас қайғысымен, бір күнкөріс қамы үшін өзге елдерден жұ­мыс іздеп, сенделіп жүр. Сондықтан да Пре­зи­дентіміздің бүгінгі табысымызға тоқ­мейіл­сімей, ертеңгі болашағымызға көп мән беріп, жастарымыз бәсекеге қабілетті елдермен терезесі тең дәрежеде білім алуына ықпал жасап отырғанына біз де қуанамыз.

Өз ата-анам еңбекпен көркейген қа­рапайым адамдар болғандықтан, алдымен әртүрлі салаларда жұмыс істеп жатқан жан­дардың жалақысы көтеріліп, жағдай жасалып жатқаны баршамыз үшін маңызды. Әр­қайсымыздың әке-шешеміз мұ­ғалім, енді біреулеріміздің ата-ана­мыз малшы, дәрігер, бауырларымыз студент болғандықтан, Елбасы Жолдауында айтылған, жеке-жеке тоқталған мәселелердің бәрі айналып келгенде баршамызға қатысты болып шығады.

Елбасымыз басқасын былай қой­ғанда, айран-сүтті алыстан тасымай, өзіміз өндіріп, қайта шет мемлекеттерге экспорттауды да айтып отыр. Мысалы, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профи­лактикалық тексерілу дегендердің барлығы біздің халқымыз үшін ауадай қажет. Сонан соң маған мүмкіндігі шектеулі, мүгедек жандарды да жұмыспен қамтып, олардың қоғамдық көліктерде қозғалуына, баратын жерлеріне барып-келуіне жағдай туғызу керек деген жолдар өте ұнады. Шетелдерде гастрольдік сапарларда болғанда, ол елдерде мүгедек жандарға жасалған жағдайларды көріп, бізде де осындай болса екен деп ойлайтынмын. Бұл – өз халқын сыйлаған, сүйген Елбасымыздың үлкен ісі. Қоғамдағы әрбір адамның жағдайын ойласақ, ертең осының бәрі алдымыздан шығады.

Елбасы, өте күрделі, жан-жақ­ты тап­сырмалар бере отырып, мәде­ниет саласынан бәрібір аттап өткен жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Жалпы­қазақ­стандық мәде­ниет­ті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжы­рым­дамасын әзірлеу қажет. Онда қазақ­стандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек», деді.

Кезінде өнер саласы да талай қиын­дық­тар мен қаржы тапшы­лығын бастан өткерді. Енді жаңа заманға аяқ бастық. Алдағы уақытта өнер саласын сапаландыру ісі жүретініне сенемін.

Мәдина СӘДУАҚАСОВА,

Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері, әнші.

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар