Оқиға • 13 Қыркүйек, 2021

Ақмола облысында жаппай төбелес шығарғандар ұсталды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола полицейлері жаппай төбелеске қатысушыларды оқиға орнында ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында жаппай төбелес шығарғандар ұсталды

Бұзақылық фактісі 8 қыркүйекте сағат 02:51 шамасында «102» пультіне облыс орталығының ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында төбелес болып жатқандығы туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары мен жедел-тергеу тобы дереу жіберілді.

Полицейлер анықтағандай, оқиғаға қатысушылар 19-23 жас аралығындағы жастар ойын-сауық мекемесінде болған. Мас күйінде қаскүнемдердің бірі басқа жастардың компаниясына жақындап, жанжал туғызды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында жанжалға қатысушылар оқиға орнында ұсталды. Бұзақылық іс-әрекетке күдік бойынша полицияға барлығы төрт адам жеткізілді, оның ішінде бұрын бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған бас күдікті – 20 жастағы облыс орталығының тұрғыны.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.